Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы жетімдер үйін зиярат етті (фото)
01 қаңтар, 2019 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Кімге ұқсатам білмеймін қандайымды,
Мама кеп бір иіскеші маңдайымды,
Ақуызға толмаған таңдайымды,
Толтырайын айтумен жағдайымды,
Мама енді сені табу қиындады,
Ойласам көзден жасым тиылмады,
Алатауым, жұпарым арман болып,

Туған жерің топырағың бұйырмады,

 

 — деген өлең жолдарын оқи отырып, жетімдіктің қасіреті мен қайғысын сезінесің. Өзінің кім екенін, әке-шешесінің әсіресе, жеті атасын білмей өмір сүру қандай қиын? Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңірген өскен халық.

ҚМДБ-ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» секторы екі дүние сардары болған, пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның (салаллаху алейхи уа саллям) туылған мәуліт айының  қарсаңында рухани, игі іс атаруды жөн санап, шахарымыздағы екі бірдей жетімдер үйін зиярат етті. Облысымыздағы балалар үйінің біріне жиі барып балақайлармен жүздесіп тұруды әдетке айналдарғалы қашан.

«Жерде жетім жыласа, көкте періште күңіренеді» дейді қазақ халқы. «Жастар ісі» секторының өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы бастаған облыстық «Әнет баба» мешітінің ұжымы  балалар үйіндегі жеткіншектерге қуаныш сыйлап, сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, сектор басшыны аталмыш ғимараттың басшыларымен кездесіп, жеткіншектер тәрбиеленіп жатқан мекемеге өзінің батасын беріп, Құран бағыштады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ұлағатты сүннет қазынасында жетімдердің жайын ойлауға жігерлендіретін хадистер өте көп. Солардың кейбіреуінен мысал келтірейін.  Бір жетім дастарханда елмен бірге отырса, дастарханына пәле жоламайды; Құл мен жетімдерге көмек еткен кісі, Алла жолында соғысқан немесе күндіздерде ораза ұстап, түндерде ғибадат еткен кісі сияқты; Кім Алла ризалығы үшін бір жетімнің басынан сипаса, оның қолы тиген әр тал шашы сайын жақсылық болады.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары