Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ басшылығы Ұлттық аккредиттеу орталығы мамандарымен кездесті (ФОТО)
22 қазан, 2018 жыл 120 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратында ҚМДБ төраға орынбасары, наиб мүфти Б.Есмахан мен А.Әділбаев, ҚМДБ аппарат жетекшісі Ғ.Мәжиев, ҚМДБ халал стандарттау бөлімінің меңгерушісі Б.Мырзагелдиев және «Ұлттық аккредиттеу орталығы» ЖШС бас ди⁠ректордың орынбасары А.Мусин, ҰАО халықаралық ынтымақтастық және құқықтық қамтамасыз ету секторының бастығы А.Тлеуова, сертификаттау бойынша органдарды аккредиттеу бөлімінің жетекші сарапшысы Б.Құттыбаевтың қатысуымен «Халал өнімдерін сертификаттау» тақырыбында мәжіліс болды.

Мәжілісті бастаған Б.Есмахан елімізде халал индустриясын дамыту, халал стандарттау және сертификаттауды жүйелендіру Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың негізгі тапсырмаларының бірі екендігін және осы бағытта біраз нәтежиелі жұмыстардың атқарылып жатқандығын жеткізді.

Өз кезегінде сөз алған А.Мусин ҚМДБ басшылығының мәжіліске қатысқандығына ризашылығын білдіре отырып, күн тәртібінде мынадай мәселелерді қарастыруды ұсынды:

1.Халал жөніндегі (ет өнімдері бойынша) сертификаттау органдарды аккредиттеу мүмкіндігін қарастыру;

2.Халал сертификаттау тәртібін дайындау;

3.Мемлекеттік стандарттау жоспарына Халал бойынша стандарттарды дайындауға жәрдем беру;

4.ҚМДБ атынан тыйым салынған және рұқсат етілген Халал тізбесін (тізімін) қалыптастыру және бекіту;

5.Халал сертификаттау бойынша шетелдік органдарды аккредиттеу;

6.Халал бойынша сертификаттау органдарын аккредиттеу Комиссиясына ҚМДБ өкілдерін енгізу.

Ұсынылған мәселелер бойынша аккредиттеу және халал стандарттау және сертификаттау саласының мамандары пікір алмасып, екі жақ өз ұсыныстарын ұсынып, күн тәртібіне қойылған мәселелер қызу талқыланды.

Мәжілісті қорытындылаған А.Әділбаев ҰАО қызметкерлері мен ҚМДБ халал стандарттау бөлімі мамандарының бірлесе жұмыс атқаруы - елімізде ұлттық стандартты қалыптастыруда,  халық тұтынуына халал өнімді ұсынуда нәтежиелі жемісін беретіндігін сөз етті.

Мәжілісте көтерілген мәселелер бойынша ҚМДБ басшылығы арнайы шешім шығаратынын, алдағы уақытта тығыз байланыста жұмыс атқаратынын жеткізіп, ҰАО жұмысына сәттілік тіледі.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары