Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады (ФОТО)
20 қыркүйек, 2018 жыл 64 Басып шығару нұсқасы

Қырғыз Республикасының астанасы Бішкек қаласында Орталық Азия елдерінің мүфтилері ортақ меморандум қабылдады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметі. 

Меморандумға қол қою рәсіміне Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Османхан қажы Алимов, Қырғыз Республикасы мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Мақсатбек қажы Тоқтамысов, Тәжікстан Республикасының Ғұламалар кеңесінің төрағасы, мүфти Саидмукаррам Абдукодирзода қатысты.

Қабылданған құжатта Орталық Азияда діни мерекелерді (ораза, құрбан айт) бір күнге белгілеу, ортаазиялық діни мектепті жаңғырту, ортақ салттар мен дәстүрлі жоралғыларды дамыту, діни экстремизм мен терроризмді алдын алу, адамгершілік құндылықтарды насихаттау, тарихи ортақ нысандарға зиярат жасау, діни кітаптарды аудару, т.б. бағыттар бойынша ықпалдасып қызмет ету көзделген. 

Мүфтилер осы бағыттар бойынша өзара ықпалдасып қызмет етуге уағдаласты.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары