Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қос сенатор мүфтияттың үндеуіне қолдау білдірді (ФОТО)
10 қыркүйек, 2018 жыл 183 Басып шығару нұсқасы

Парламент Сенатының депутаттары – Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Астанадағы Бас кеңсесінде болды.

Депутаттар Бас мүфти Серікбай қажы Оразбен кездесіп, бүгінгі ұрпақ тәрбиесі, отбасындағы ананың рөлі, жастардың ар-намысын ояту, жаназа, құдайы ас рәсімдерінде ысырапқа жол бермеу, имамдарды әлеуметтік қолдау, жас мамандарды оқыту, т.б. мәселелер төңірегінде пікір алысты.

Өз кезегінде сөз алған Асқар Бейсенбаев пен Әли Бектаев ысырапқа жол бермеу туралы мүфтияттың үндеуін қолдайтынын жеткізді.

«Мүфтияттың жаназада, құдайы астарда ысырапшылдыққа жол бермеу туралы халыққа үндеуі құптарлық бастама. Бұл бастаманы халық жақсы қабылдап, кейбір өңірлерде осы мәселе оң шешімін табуда. Аймаққа жасаған сапарымда бұған көзім жетті. Өйткені, жағдайы жоқ адам қарызға батып, қиналып жататынын жақсы білеміз», – дейді Асқар Асанұлы.

Басқосуда пікір білдірген Әли Әбдікәрімұлы:

«Біздің қоғамдағы көңіл көншітпейтін мәселенің бірі – топырақты өлімде жарысу. Бұл – жағдайы бар адамның малын шашып, тұрмысы төмен отбасын қарызға батырып жатқан жағымсыз үрдіс. Осы мәселені дер кезінде қолға алып жатқандарыңыз өте дұрыс», – деп атап өтті. 

Кездесу соңында Бас мүфти мәртебелі меймандарға «Ұлы дала төсіндегі Ислам» кітабын сыйға тартты.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары