Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚАЖЫЛЫҚ-2018: "БІР МЕЗЕТТЕ - БІР ТІЛЕК" (ФОТО)
23 тамыз, 2018 жыл 69 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Мекке шаһарында дəстүрлі "Бір мезетте - бір тілек" дұға айту шарасына өткізді.
Арапат аймағында өткен шараға 150 қажы қатысты.
Наиб мүфти, Қажылық миссиясының төрағасы Бауыржан қажы Әбдірашұлы бастаған дін қызметкерлері еліміздің игілігі,  халқымыздың амандығы мен тыныштығы үшін, сонымен қатар ұл-қыздарымыздың иманды, ибалы, инабатты болуын сұрап, дұға жасады.
ҚМДБ Шариғат жəне пəтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай қажы Құрбанұлының тебіреніспен жасаған дұғасынан бір топ қажы көзіне жас алды.

"Уа, Жаратқан Ием, біздің жанымыз бен тәнімізді жамандықтан сақта! Қазақ халқының, күллі мұсылман үмбетінің екі дүниеде абыройын арттырып, мерейін үстем еткейсің. Жер бетінде зұлымдыққа ұшыраған мұсылман қауымыңа Өзің жәрдем  бергейсің", - деп жалбарынды С.Құрбанұлы.

Шара соңында Құран оқылып, қасиетті аяттардың сауабы халқымыздың болашағы жолында шейіт болған тұлғалардың рухына бағышталды.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары