Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бас мүфти елшімен қажылыққа қатысты жұмыстарды пысықтады
09 тамыз, 2018 жыл 141 Басып шығару нұсқасы

8 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзамен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz 

Кездесуде Бас мүфти мен елші биылғы қажылық маусымына қатысты жұмыстар жайлы сұхбаттасты.

Өз кезегінде ҚМДБ Төрағасы Серікбай Сатыбалдыұлы Захир бен Мутиш Әл-Энази мырзаға елшілік тарапынан жасалып жатқан жұмыстар үшін арнайы алғысын білдірді.

Ресми басқосуда Қазақстан қажыларының денсаулығын қадағалау, жол жүру қауіпсіздігін күшейту, қасиетті сапар кезінде қажетті шараларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Елші мырза мүфтияттың ұлық сапар кезінде атқаратын ауқымды жұмысына сәттілік тіледі.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары