Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қажылардан саусақ іздері алынады
24 шілде, 2018 жыл 167 Басып шығару нұсқасы

Астана. 23 шілде. KAZISLAM – Биыл қажылық жасауға ниетті тәжік мұсылмандары өз елдерінде дактилоскопиядан өтуі керек. Бұл туралы республиканың Дін істері, халық салт-дәстүрлерін реттеу комитетінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады ansar.ru.

Еске салсақ, осы кезге дейін дактилоскопия процедураларын тәжік қажылары Сауд Арабиясы әуежайында тапсырған болатын. Биыл Сауд Арабиясы Сыртқы істер министрлігінің ұсынысымен қажылардың саусақ іздерін алу жұмыстары өз елдерінде жасалатын болды.

Айта кетсек, Тәжікстаннан Меккеге қажылық сапарына алғашқы топ 180 адам 6 тамыз күні аттанады. Республиканың Дін істері комитеті қажылыққа құжат қабылдау мерзімі аяқталғанын, құжаттар тиісті ведомствоға жолданғанын мәлімдеді.

kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары