Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітіндегі мың айдан да қайырлы Қадір түні (фото)
12 маусым, 2018 жыл 266 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Құран Кәрімде «мың айдан да қайырлы» деп дәріптелген Қадір түні – исі мұсылманның сағына күтер сәті. Бұл түнгі құлшылықтың сексен үш жылға тең келетінін білмейтін мұсылман кемде-кем болар.

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешіті бұл түні жамағатқа лық толы. Қасиетті Рамазан айы басталғалы адам аяғы басылмаған алып мешітте бұл түні, тіпті, ине шаншар жер қалмады десе де болады.

Қасиетті Қадір түні Қарағанды облыстық «Әнет баба»  мешітінде Құран Кәрім хатым етіліп, бата жасалды. Бұдан соң ҚМДБ ның Қарағанды облысы бойынша өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза Қарағанды жамағатына Қадір түнімен құттықтауын жеткізіп, өзінің ыстық лебізін білдіріп, бата берді. Сондай ақ,   Құранды хатым еткен үш қариға құрмет танытып, алғысын білдірді.

Таң рауандап атқанша жалғасқан мешіттегі уағыз-насихат тыңдап, құлшылыққа ден қойған мұсылман қауымы бұл түні егеменді еліміз бен кең байтақ жеріміздің амандығын тілеп, бейбітшілігіміздің баянды болуын сұрады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары