Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Шағбан айында шарапаты мол шара өтті
24 сәуір, 2018 жыл 104 Басып шығару нұсқасы

Шағбан айының құрметіне «Әл-Машани» мешітінде қайырымдылық дастарханы жайылды. «Жалпы және Жастар» секторының ұйымдастыруымен өткізілген шара барысында зиялы қауым өкілдері, мешіт жанындағы діни сауат ашу курсының ақсақалдары мен қаламыздағы қарттар үйінің тұрғындары бас қосты. Игілікке толы шағбан айының шарапаты турасында «Жалпы және Жастар» бөлімінің жетекшісі, наиб имам Сандыбаев Олжас насихат айтып, келе жатқан рамазан айының қасиеттеріне тоқталып өтті. Ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар өз кезегінде ақ тілектерін жолдап,  ел мен жер тыныштығына дұға тіледі. Мешіт ақсақалдарының оқыған хатым дұғасы бағышталып, тәлімі мол шара соңында қарттар үйінің тұрғындарына сыйлықтар үлестірілді.

Қарағанды қалалық «Әл-Машани» мешітінің баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары