Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Сауд Арабиясында 35 жылда алғаш рет кинотеатр ашылды
06 сәуір, 2018 жыл 223 Басып шығару нұсқасы

Сауд Арабиясында 35 жылдан кейін алғаш рет қоғамдық кинотеатр қайта ашылып отыр. 18-сәуірде Эр-Риядта қаласында қайта жұмыс істей бастайтын жаңа кинотеатрда бұл күні режиссер Райан Куглердің "Қара қабылан" фильмін көрсетілмек.

Бұған дейін Сауд Арабиясыбилігі АҚШ-тың AMC Entertainment Holdings Inc. компаниясымен келісім-шарт жасасқан болатын. Компания бес жыл ішінде корольдік аумағында 40 кинотеатр ашуға уәде берсе, ал 2030 жылға таман кинотеатрлардың жалпы саны 350-ге жетпек. Айта кетейік, көрерменге ұсыналытын фильмдердің барлығы арнайы тексеруден өтетін болады.

Кинотеатрлар мен басқа да ойын-сауық мекемелеріне Сауд Арабиясында 80-жылдары тыйым салынған болатын. 2017 жылы таққа отырған Сальман бен Абдель Әзиз Әл Сауд әйелдерге автокөлік жүргізуге салынған тыйымның күшін жойды. Олар енді қоғамдық орындар мен стадиондарға бара алады.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары