Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің №2 медициналық- әлеуметтік мекемесінде» қайырымдылық шара болып өтті (фото)
16 наурыз, 2018 жыл 294 Басып шығару нұсқасы

   Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі қарсаңында  ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша «Жастар ісі» бөлімінің өкілі Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы және «Әйел- қыздар» бөлімінің өкілі Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруыменен «Қарағанды облысы,  Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің  №2 медициналық әлеуметтік мекемесінде» қайырымдылық шара болып өтті. Мұнда қарттар мен мүмкіндігі шектеулі мүгедек жандар ем алып, өмір сүріп жатыр. Бірі аяулы ана, бірі асқар тау әке, бірі ақ жаулықты әже болса бірі ақ сақалды ата. Шаштарына ақ қырау түскен жандардың көңіліне медеу беріп, қуаныш сыйлау мақсатында ұйымдастырылған қайырымдылық шарасы жоғары деңгейде атқарылды. Қарттармен кездесу барысында Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза ананың қадірі мен құрметі жайлы уағыз насихат айтып, тыңдарманның көздеріне жас ұялатты. Іс - шара барысында концерттік бағдарлама қойылып, күй тартылды, ән айтылды. Қарттарымыздың құрметіне орай арнайы дастархан да жайылды. Рухани шараның соңында «Қарағанды облысы, Қарағанды қаласының қарттар мен мүгедектерінің  №2 медициналық -әлеуметтік мекемесі» басшылығы Қарағанды облысының бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырзаға үлкен ризашылықтарын жеткізіп, алғыс хат табыстады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары