Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БІРІНШІ НАИБ МҮФТИ ФОРУМНЫҢ СЕКЦИЯЛЫҚ ОТЫРЫСЫН ЖҮРГІЗДІ (ФОТО)
02 наурыз, 2018 жыл 207 Басып шығару нұсқасы

Еуразия кеңістігіндегі мұсылман ғұламаларының Астана төрінде басын қосқан алқалы жиын жұма намазынан соң қайта жалғасты. ҚМДБ-ның бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының жетекшілігімен «Зайырлы мемлекет ұстанымдары және Ислам құндылықтары: үйлесімділік жолдарындағы ізденістер» атты секциялық отырысы болып өтті.

Отырыс аясында шетелдік мүфтилер мен еліміздің діни қайраткерлері Ислам дінінің игілігін паш еткен тағылымды баяндамалар жасап, түрлі тақырыптар бойынша пікір алмасты. Атап айтқанда, отырыс барысында Татарстан Діни басқармасының төрағасы, мүфти Камиль Самигуллин, Ресей Федерациясы мұсылмандары діни басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Дамир Мухетдинов, Саратов облысы мұсылмандары діни басқармасының мүфтиі Бибарсов Мукаддас, Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының Пәтуа бөлімінің меңгерушісі Хамид Ишматбековтер өз мемлекеттеріндегі Ислам дінінің ахуалы жайында сөз қозғап, тәжірибелерімен бөлісті.

Секциялық отырыс аясында, сондай-ақ, еліміздің діни қайраткерлері де түрлі тақырыптар бойынша баяндама жасап, алқалы жиынның маңызын арттыра түсті. Еліміздің алғашқы мүфтиі Рәтбек қажы Нысанбайұлы, ҚМДБ төрағасының бас кеңесшісі Мұхаммед Хусейн Алсабеков, Еуразия ұлттық университетінің проректоры Дихан Қамзабек, «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің проректоры Шәмшиддин Керім, ҚМДБ-ның Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ «Халал стандарттау» бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиевтердің баяндамалары форум қатысушыларынан қолдауға ие болып, өзектілігімен ерекшеленді.

 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары