Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бірінші наиб мүфти ақпарат-насихат жұмысына серпін беруді тапсырды (ФОТО
19 ақпан, 2018 жыл 153 Басып шығару нұсқасы

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бірінші наиб мүфтиі, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы мүфтияттың ақпарат-насихат саласына жауапты қызметкерлеріне жиналыс өткізді.

Жиналысқа ҚМДБ Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысханұлы, «Ғаламтормен жұмыс» секторының меңгерушісі Мұрат Манапұлы, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы, «Хикмет ТВ» телерадиостудиясының редакторы Ерболат Айтбайұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің маманы Хамзат Әділбеков, «Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы Марат Бектазинов қатысты.

Басқосуда ҚМДБ-ға қарасты сайттардың жұмысын жетілдіру, түсіндірме-ағарту шараларын күшейту, қажетті жағдайда мүфтияттың ұстанымы мен мәлімдемесін жариялау, БАҚ саласында, оның ішінде рухани бағытта қызмет етіп келе жатқан журналистерді марапаттау, арнайы жобалар мен іс-шараларды өткізу, т.б. мәселелер талқыланды. ҚМДБ төраға орынбасары аталған бағыттағы жұмыстарды аса ыждаһаттылықпен жүзеге асыру қажеттігін айырықша атап өтті.   

«Ақпарат-насихаттық бағыттағы жұмыстар – мүфтияттың негізгі қызметтерінің бірі. Сондықтан, сіздердің ақпараттық ағарту, түсіндірме жұмыстарын жүзеге асыру жолындағы әрбір амалдарыңыз жамағат, жалпы халқымыздың рухани өмірі үшін аса маңызды. Алған білімдеріміз бен тәжірибелерімізді еліміздің игілігі жолында сарп етуде аса ыждаһаттылық танытуымыз тиіс», – деді бірінші наиб мүфти, «Әзірет Сұлтан» мешітінің Бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс соңында ҚМДБ қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берілді.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары