Тунис елінің билік өкілдері алдағы уақытта азаншылардың музыкалық білімін жетілдіруді қолға алып отыр. Бұл үшін елдегі азаншылар Мухаммед ар-Рашид атындағы Тунис музыка институтында оқып, білім жетілдіретін болмақ.+
Дін істері министрі Ахмед Адум атап өткендей, бұл тәжірибе Тунис елінің жаңа азан мектебін қалыптастыру тиіс. Жоспар бойынша, азаншыларды енді фонетика және музыка салаларының мамандары жаттықтырмақ.
Тәжірибенің алғашқы кезеңінде оқыту үрдісі Тунис еліндегі ірі мешіттердің азаншыларына қолданылып, кейінірек аймақтардағы азаншылар да қосыла бастайды.
muslim.kz
Пікірлер