Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әйелдерге әдепсіз әзіл айтатындарға айыппұл салынатын болады
29 қаңтар, 2018 жыл 76 Басып шығару нұсқасы

Франция мемлекеті әйелдер құқығын қорғаудың тың тәсіліне көшіп отыр. Бұдан былай әйел затына әдепсіз әзіл айтып, қылжақтайтындар үшін арнайы айыппұл қарастырылған. The Local сайтында жарияланған Үкіметтік баяндамада айыппұлды сол мезетінде төлегендерге ең төменгі көрсеткіш 90 евро құрайды.

Ал, айыппұлды кешіктіріп барып, 15 күн ішінде төлегендерге 135 евроға көтеріледі. Төлеу мерзімін бұдан ары кешіктіргендер үшін айыппұл көлемі 375 евроға шарықтайды.+

Баяндамада көрсетілгендей, көшеде кездескен әйелдерді соңына түсіп немесе жолын бөгеп, сөзге тартуға тырысатындар үшін де айыппұл қарастырылған. Бұл құжаттың басты мақсаты – Франция көшелеріндегі қыз-келіншектер күн сайын кездесетін «қырындаушылықтың» алдын алу.

Аталмыш құжат жақын күндері Парламент қарауына жіберілетін болмақ.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары