Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ҚМДБ: «ИСЛАМ ЖӘНЕ ҰЛЫ ДАЛА ӨРКЕНИЕТІ» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТЕДІ
22 қаңтар, 2018 жыл 219 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен Түркістан қаласында 24 қаңтарда «Ислам және ұлы дала өркениеті» тақырып аясында республикалық конференция өтеді.

Конференция мақсаты – Исламның дамуына үлес қосу, қазақ топырағынан шыққан танымал діни тұлғалардың еңбегін насихаттау, рухани біртұтас қоғам құруға үлес қосу, жастардың діни көзқарасының радикалдануына жол бермеу, түркі-мұсылман жұртшылығының Ислам дінін қабылдауына ерекше ықпал еткен Қ.А. Йассауидің шығармаларын өскелең ұрпаққа өнеге ету, дін мен дәстүрді жаңғырту, т.б.

Конференцияға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігінің лауазымды басшылары, ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің мүшелері, теолог-ғалымдар, дін қызметкерлері қатысады.

Кез келген халықтың мәдениеті, өмір-салты, тұрмыс-тіршілігі мен ойлау жүйесінде діннің алар орны ерекше. Сол діннің негізінде қалыптасқан діни түсініктің маңызы жоғары. Халқымыздың діни санасының қалыптасуында Ислам дінінің, оның ішінде суниттік ханафи мәзһабының рөлі үлкен. Сондықтан исламның қазақстандық дәстүрлі үлгісін фиқһта ханафи мәзһабын, ақидада Матуриди мектебін қазіргі заманға сай түсіндіру ғылыми һәм идеологиялық тұрғыдан маңызды іс.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары