Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Әл-Азһарда білім алушы Нұр-Мүбарак түлектері тиісті лауазым иелерімен кездесті
18 қаңтар, 2018 жыл 108 Басып шығару нұсқасы

Әйгілі әл-Азһар университетіне жақында ғана қабылданған Нұр-Мүбарак университетінің түлектерінің жағдайымен танысу үшін ректор, профессор Жуда Басюни қазақстандық студенттермен кездесті. Олардың орналасуы, қандай да бір қажеттіліктері бар ма деген сауал төңірегінде  тілдесті.

Профессор Жуда Басюни қазақстандық шәкірттермен Египет Араб Республикасының Уақыфтар министрі  Мұхаммед Мұхтар Жұма мырзаның қабылдауында болып, студенттерді таныстырып, сапалы білім алу, екі ел арасындағы білім саласына қатысты мәселелерді талқылады.  

Сондай-ақ осы топпен әл-Азһар ректоры, профессор Мұхаммед Махрасауи, проректор, университеттің бас хатшысы, білім бөлімінің директоры, исламтану факультетінің декандарымен жолығып, студенттер тобымен жетелеп жүріп таныстырды.

Он ғасырлық тарихы бар әл-Азһардың табалдырығын енді аттаған жастарға  білім алудың артықшылығы мен маңыздылығы, уақытты тиімді пайдалану, пайдалы білімге барынша ұмтылу мәселелері төңірегінде ақсақалдық ақыл-кеңестерін айтып,сәттілік тіледі. 10-нан аса шәкірттер тобы үшін бұл кездесулер ерекше серпіліс беріп, екі ел ортасындағы аманатты абыроймен алып шығуға барынша бел байлағандай.   

 

 

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары