Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ДІН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ХАЛАЛ СТАНДАРТТАУ ЖҮЙЕСІ ТУРАЛЫ ДӘРІС ТЫҢДАДЫ
29 қараша, 2017 жыл 89 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы "Халал стандарттау және Қажылық" бөлімінің меңгерушісі Бейбіт Мырзагелдиев Астана қаласы «Әлжан ана» мешіті жанындағы республикалық имамдар орталығында оқып жатқан аудан имамдарына дәріс берді.

Дәрісте еліміздегі халал стандарттау жүйесі, мүфтияттың осы бағыттағы жұмыстары жан-жақты түсіндірілді. Бейбіт Әліпбекұлы бүгінгі дін қызметкерлері халал стандарттау саласын жетік білуі шарт екенін атап өтті.

«Шариғат бойынша халал астың, жалпы халал түсінігін білгенімізбен, қазіргі қолданыстағы қандай өнімдердің халал екендігін толық білу қиындық туғызатын. Бүгінгі дәрісте бұл мәселе жан-жақты түсіндірілді. Халал стандарттау саласы бойынша туындаған сұрақтарға жауап бере алатын деңгейге жеткенімізге қуаныштымыз. Ұстаздарға үлкен алғысымызды білдіреміз», – дейді дәріс алып жатқан дін қызметкерлері.

Бағдарлама бойынша өткізілген сабақ соңында имамдарға емтихан жүргізіліп, тиісті бағалар қойылды.

muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары