Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ДІНИ ҚЫЗМЕТ САЛАСЫНДАҒЫ ЗАҢНАМА МЕН ҚҰҚЫҚ ҚОЛДАНУ ПРАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ
23 қараша, 2017 жыл 103 Басып шығару нұсқасы

Кеше Астана қаласындағы Radisson қонақ үйінде «Діни қызмет саласындағы заңнама мен құқық қолдану практикасын жетілдіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Астанадағы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Бағдарламалар офисі, Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі, Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы және Адам құқықтары жөніндегі БҰҰ Жоғарғы комиссарының басқармасы ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын, БҰҰ Орталық Азия бойынша Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ұлттық баяндамалар үйлестірушісі Лейла Дүйсекова, ЕҚЫҰ Бағдарламалар офисінің басшысы, елші Дьердь Сабо, Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Еркін Оңғарбаев, «Қазақстанның діни бірлестіктер қауымдастығы» ЗТБ төрағасы Александр Клюшев, АҚШ, Ұлыбритания, Нидерланды, Ватикан елшіліктерінің өкілдері, ғылыми-сараптамалық қоғамдастық, сондай-ақ Қазақстанның мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі Берік Арын құттықтау сөз сөйледі.

Вице-министр өз сөзінде «бүгінгі таңда Қазақстанда азаматтарының ар-ождан бостандығы мен діни бірлестіктердің жұмысына қолайлы жағдай жасау құқығын қамтамасыз етуге үлкен мән берілетіндігін, мемлекет діни саладағы тұрақтылықты сақтауға, конфессияаралық келісім мен қоғамдағы толеранттылықты нығайтуға, сондай-ақ, халықтың діни экстремизм идеологиясының барлық нысандары мен көріністеріне қарсы иммунитетін үнемі қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайтынын және мемлекет 18 конфессияны қамтитын ресми тіркелген діни бірлестіктер мен олардың филиалдарына қызмет етуге қажетті жағдайларды қамтамасыз ететіндігін» атап өтті.

Берік Арын іс-шараға қатысушыларды «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына Министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан жұмыстармен таныстырды. Ол сондай-ақ, діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнама бір жағынан азаматтардың құқықтарын қорғауға, екінші жағынан экстремистік және басқа да деструктивті мақсаттарда дінді пайдалану мүмкіндігін азайтуға бағытталған құқықтық нормаларды белгілейтіндігін атап өтті.

Өз кезегінде Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Е.Оңғарбаев, дөңгелек үстелге қатысушылардың алдында сөйлеген сөзінде, заң жобасына дайындық барысында діни бірлестіктерден, үкіметтік емес ұйымдардан және сарапшылардан ұсыныстар келіп түскенін айтты. Қазіргі таңда келіп түскен ұсыныстар пысықталды, кейбіреулері заң жобасына енгізілді.

Сонымен қатар, Еркін Оңғарбаев, бұдан басқа, заң жобасының негізгі ережелері мен оны әзірлеуде ескерілген өзгерістер туралы айтып берді.

Жалпы, дөңгелек үстелдің қатысушылары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни қызмет және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына қатысты бірқатар мәселелерлі талқылап, заң жобасын қабылдау мемлекеттік-конфессиялық қарым-қатынастарды жақсартуға мүмкіндік беретіндігін және елдегі діни экстремизм идеясының таралуына қарсы тұруға көмектесетіндігін атап өтті

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары