Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БҮКІЛ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЖАППАЙ «ИСЛАМ ҚАБЫЛДАТЫП ЖІБЕРГЕН»
14 қараша, 2017 жыл 117 Басып шығару нұсқасы

Ұлыбританияның Сандерленд қаласындағы мектептердің бірінде күтпеген жерден шу көтерілді. Оқушыларға Мәдениеттану сабағынан берілген үй тапсырмасы ата-аналар наразылығын тудырып, жергілікті баспасөз құралдарының назарын өзіне аударған.

Дәлірек айтқанда, журналисттер қауымына мектептегі жөнсіздік жайында Марк Маклахан есімді азамат шағымданған. Оның айтуынша, мәдениеттану сабағының мұғалімі оқушыларға «Өзінің Ислам дінін қабылдағаны туралы жанұясына хат жазуды» тапсырған.

«Мен оқушылардың діндер жайлы көп біліп, мағлұматы болғанына қарсы емеспін. Алайда, небары 12-13 жастағы оқушыларға олардың не үшін дін қабылдайтыны туралы шығарма жазуды тапсыру – өрескел талап», – дейді Маклахан.

Мәдениеттану пәні мұғалімнің бұл «тапқырлығына» мұсылман ата-аналар да қарсы шығып, өздерінің келіспейтіндіктерін жеткізген. Бүгін оқушыларға «Ислам дінін қабылдағаны жайлы жанұяларына хат жазуды» тапсырса, ертеңгі күні оларға буддизм немесе индуизм дінін қабылдағаны жайлы шығарма жаздырмасына кім кепіл?!

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары