Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Мұсылман емес елде мәрмәрдан соғылған еңселі мешіт ашылды
14 қараша, 2017 жыл 316 Басып шығару нұсқасы

Орталық Флоридада алыстан көз тартатын аса айшықты мешіт ашылды. Мұсылмандардың бұл ғибадат ғимаратына жамағат 16 млн доллар жұмсаған. "әл-Хайя" деп аталатын мешіт мұнарасының биіктігі 130 футқа жетеді, ал жалпы ауданы 43 000 шаршы футты құрайды. Мұсылмандардың бұл құлшылық үйі кезінде шіркеу болатын, оны мұсылмандар сатып алып, құрылысын қайта жүргізіп, қатқа мешітке айналдырды. Бұрынғы шіркеу кезіндегі ауданы 5000 шаршы фут қана болатын. Аталмыш мешіттің дизайнын жасау 15 ай уақытта алған, ал құрылысына табаны күректей 7 жыл кеткен. Осы мешіт орналасқан жер телімінің қожайыны Гүлал Жаппар мешіт құрылысына Дубайдан және Түркиядан аттай қалап, арнайы мамандар алдыртқан. Бұл жайында Orlando Sentinel ақпарат көзі хабар таратты. Мешіт күмбезі 3 млн фунтқа бағаланған ақ мәрмәрдан тұрғызылды. Мәрмәр Грекияның Тассос аралынан алдырылды. 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары