Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ғұламалар кеңесіне тағы бір ғалым қосылды
28 қыркүйек, 2017 жыл 279 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесі құрамы елімізге белгілі тағы бір ғалыммен толықты. Бұл туралы kazislam.kz жазады.

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Мәдениеттер мен діндердің xалықаралық орталығының директоры, ф.ғ.д Айдар Парқұлұлы Әбуов Ғұламалар кеңесінің мүшесі болды.

Кеше Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің ХVII отырысы басталғанын хабарлаған болатынбыз. Жиынды ашқан ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Ғұламалар кеңесінің жаңа мүшесін таныстырды:

«Кеңес жұмысына кіріспес бұрын сіздерге Ғұламалар кеңесінің жаңа мүшесін таныстырғым келеді. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығының директоры Айдар Парқұлұлы Ғұламалар кеңесінің мүшелігіне бір ауыздан қабылданды. Осы жиынға қатысушы  азаматтарға алғысымды білдіремін. Кеңестің тұрақты жұмыс жасап келе жатқанына 4 жыл болды. Біз біраз жұмысты бірге атқардық. Біздің кездесулеріміз қоғамдық діни мәселелер талқыланатын алаңға айналды», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.

Айдар Парқұлы Әбуов елімізге белгілі ғалым, философия ғылымының докторы, бірнеше ғылыми еңбектердің, монографиялық кітаптардың авторы. Қазіргі күнде Мәдениеттер мен діндердің xалықаралық орталығының директоры қызметін атқарады.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары