Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ АСТАНА ҚАЛАСЫНАН ҚАЖЫЛАРДЫ ШЫҒАРЫП САЛДЫ
24 тамыз, 2017 жыл 111 Басып шығару нұсқасы

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы Елордада 400 қажыны ұлық сапарға шығарып салды.
 
Қажылармен кездесуде ҚМДБ төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы: "Алла қаласа, 4-5 сағатта қасиетті Мəдина қаласына жетесіздер. Чартерлік рейс бізге көптеген мүмкіндіктер мен жеңілдіктерге жағдай жасап отыр. Құрметті қажылар, ұлық сапардың əрбір сəтін ізгі, сауапты амалдармен өткізуге тырысыңыздар. Алла Тағала қажылықтарыңызды қабыл етсін. Əмин", - деп батасын берді. 
 
Айта кетейік, отандастарымыз тікелей рейстермен Астана, Алматы, Шымкент қалаларынан Мәдина мен Жидда шаһарына ұшуда. Биыл 2500 жерлесіміз қажылық парызын өтейді.

muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары