Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін істері комитетіне жаңа басшы тағайындалды
10 шілде, 2017 жыл 339 Басып шығару нұсқасы

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері Комитетінің төрағасы міндетін атқарушы тағайындалды. Дін істері және азаматтық қоғам министрі Н.Ермекбаевтың бұйрығымен ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитетінің төрағасы міндетін атқарушы лауазымына Онғарбаев Еркін Ануарұлы тағайындалды.

Еркін Ануарұлы мемлекеттік органдарда, ғылыми-зерттеу ұйымдарында, жоғары оқу орындарында түрлі лауазымдарды иеленген. 2003 – 2007 жылдар аралығында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым Комитетінің төрағасы болып қызмет атқарды. Сондай-ақ, «Парасат» Ұлттық ғылыми-технологиялық холдингінің басқарушы директоры, «Астана» университетінің ректоры, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің проректоры болып жұмыс істеді. Заң ғылымдарының докторы, «Құрмет» орденімен және «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағымен марапатталған.

Сонымен қатар, оқу демалысынан кейін ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Дін істері комитеті төрағасының орынбасары Әбелдинова Әлия Сапабекқызы жұмысқа кірісті. Әлия Сапабекқызы ҚР Президент Әкімшілігінің Баспасөз қызметінде, ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінде, ҚР Мәдениет және спорт министрлігінде қызмет атқарды. 2015 – 2017 жылдар аралығында ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша білім алды.

kazislam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары