Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Рамазан айында Шымкентте жаңа мешіт ел игілігіне берілді
05 маусым, 2017 жыл 131 Басып шығару нұсқасы

 Шымкенттегі Қошқар ата өзені жағалауында «Абдул Хамид Қаттани» атты мешіт орналасқан. Шаһардың хақ ортасындағы бұл құлшылық үйінің өз тарихы бар.

Исламның інжу-маржан асыл негіздерінің бірі – зекет беру парызы бойынша Сауд Арабиясына қарасты Қаттани ауылының азаматы Абдул Хамид Қаттанидің демеушілігімен бұл нысанның құрылысы 1995 жылы басталып, 1997 жылғы қарашада пайдалануға берілген. Содан бастап бұл ғимаратқа осы қайырымды жанның есімі берілген.

Нысанның ішкі қаспетін әрлеуге Ташкент қаласындағы (Ташкент қаласында 70 мешіт бар) арнаулы мешіт безендірумен айналысатын ұсталар алдырылған. Айта кетерлігі, құлшылық үйінің ішіндегі ұлтымыздың бағызы ою-өрнектерін мешіт әкімшілігі өз тарапынан қостырған. “Бұл әуелі дін мен дәстүр сабақтастығы болса, екіншіден, Шымқалаға келген туристер үшін ұлттық дүние-танымды үгіттеу”, - дейді мешіт әкімшісі.

Қасиетті Жұма намазымен тұспа-тұс келген мешіттің қайта ашылу рәсімінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла әбдірахымов барша мұсылмандарға Рамазан айындағы тұтқан ораза, еткен құлшылықтарына қабыл болсын айтты. Игілікті іске келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының мешіт істері бөлімінің меңгерушісі Камалжан Тұрлыбаев ҚМДБ-ның төрағасы, бас мұфти Ержан қажы Мәлқажыұлының құттықтауы мен “Алғыс хатын” табыс етті. 

- Мешіт-Алла үйы. Мұнда тек ізгілікті, береке-бірлікті, жақсылықты дәріптеуіміз керек. Елбасымыздың ұстанған салиқалы саясатын Хақ дінімізбен ұштастырып, пайғамбарымыз салған ақ жолдан ауытқымай елге, Отанға қызмет етуіміз қажет, - деді шаһар басшысы.

 Шырайлы шаһарда күрделі жөндеу көрген «Абдул Хамид Қаттани» мешіті түн шымылдығымен түрісімен тараeих намаз оқыған жамағатқа лық толыуда. Алла үйінің тек сыртқы келбетімен ғана емес, жамағатымен көркем екендігін осыдан-ақ аңғаруға болады.

“Мешіт - әлеуметтік орын. Ол - жұртшылыққа қолжетімді болуы керек”, -деген қала әкімінің ұсынысымен алдындағы қорған-қоршаулар түгелдей алынып, сауда-саттықпен айналысатын дүңгіршектерден аяқ алып жүргісіз мешіт айналасы бүгінде түгелдей аршылған. 

 Міне, салқын самал ескен Қошқар ата өзені жағалаундағы құлшылық үйінің төрт құбыласынан “Лә иллаха илаллаһ ”деп Хаққа жүгінген жамағат жайнамазын алып, осында асығуда... 

nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары