Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

САУД ХАНЗАДАСЫ «ӘЗІРЕТ СҰЛТАН» МЕШІТІНЕ ТӘНТІ БОЛЫП ҚАЙТТЫ
23 мамыр, 2017 жыл 293 Басып шығару нұсқасы

Қасиетті Рамазан айының қарсаңында Елордамызға арнайы ат басын тіреген Сауд Арабиясының «Фейсал патша» атындағы Ислам зерттеу орталығы Басқарма кеңесінің төрағасы, ханзада Турки ибн Фейсаль Әл-Сауд «Әзірет Сұлтан» мешітін зиярат етіп, құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен танысып қайтты.

Құрметті қонақты қазақ халқына тән қонақжайлықпен қарсы алған «Әзірет Сұлтан» мешітінің бірінші наиб имамы Қуат Ерғалиұлы құлшылық ордасының ішін аралатып, мешіт жәдігерлерімен таныстырды. Орталық Азия бойынша теңдесі жоқ алып мешіттің артықшылықтары жайлы мағлұмат беріп, республикалық Бас мешіт тарихына қанықтырды.

«Әзірет Сұлтан» мешітінің әдемілігіне көз тойдырып, көңілі сүйсінген саудиялық ханзада құлшылық ордасының үшінші қабатындағы орналасқан Muslim.kz сайты мен «Хикмет» телерадиостудиясының редакциясына бас сұғып, таңданысы тіптен арта түсті. Сайт жұмысы мен студия өнімдерін тамашалап, жылы лебізін білдірді

Muslim.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары