Бір ай ішінде Токионың астаналық вокзалында намазхана ашылады.
Бұл туралы шешімді JR Хигаси Нихон теміржол компаниясы қабылдаған. Намазхананың ашылу салтанаты 5 маусымда болады.
Мәлімдеме бойынша, мұсылмандардың құлшылық етуіне мүмкіндік беретін мұндай арнайы бөлменің ашылуына себеп болған жайт — 2016 жылы Оңтүстік-Шығыс Азиядан келген саяхатшылар санының шамамен 30% өсуінде, ал бұл елдерден келетіндердің басым көпшілігі Ислам дінін ұстанатындар болып келеді.
Сарапшылардың пайымдауынша, келешекте мұсылман-саяхатшылардың саны тұрақты түрде өсе бермек.
Айта кету керек, Токионың Ханэда мен Нарита әуежайларында намазханалар іске қосылып, мұсылмандарға қызмет көрсетуде.
Muftyat.kz
Пікірлер