Алжир елінің баспасөз құралдары хабарлағандай, әлем бойынша көлемі жөнінен үшінші мешіт болатын құлшылық ордасының құрылысы 85 пайызға аяқталып қалған көрінеді. Алжир тұрғын үй бөлімшесінің хабарлауынша, мешіттің пайдалану мерзімі 400-500 жылға лайықталып жасалған.+
Құрылыс жұмыстары аяқталғасын «Ұлы мешіт» Мекке мен Мәдинадағы қасиетті құлшылық ордаларынан кейінгі ірі ғибадатхана болмақ. Сондай-ақ, бұл мешіт Африка құрлығындағы ең ірі құлшылық ордасы болмақ.+
Мешіттің жалпы аумағы 400 000 шаршы метрді құрайды. Ал, құрылыс жұмыстарының шығыны 1,3 млрд долларды құраған. Сондай*-ақ, бұл мешіттің мұналараы да әлемдегі ең биігі болып тұрғызылмақ – 270 метр. Мешітте бір уақытта 120 000 жан құлшылығын өтей алады.
muslim.kz
Пікірлер