Австрия президенті Александр ван дер Беллен елдегі әйелдерді мұсылмандармен татулықтың белгісі ретінде шариғат шәлісін жамылуға шақырды. Бұл жайында The Independent ақпарат көзі хабар таратты. "Тек мұсылман әйелдер ғана емес - барлық әйелд де басына орамал тарта алады, егер исламофобия жалғаса беретін болса, онда біз әйел атаулыны орамал тартып жүруге үндейтін боламыз - діни парызын орындау үшін жабылғандарды қолдау үшін!",- деді ол мектеп оқушыларымен кездесу кезінде. "Әлбетте, әрбір әйел қалай киінгісі келсе, солай киіне алады. Бұл мәселеге қатысты менің берер жауабым осы",- деді Австрия президенті.
islam.kz
Пікірлер