Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ӘЛ-АЗҺАР УНИВЕРСИТЕТІН РЕФОРМАЛАУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ
27 сәуір, 2017 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Мысырда әлемге әйгілі исламтану орталығының бас имамының құзыреттілік мерзімін алты жылдан, ал құзыреттілік санын қатарынан екіден асымауды қарастыратын заң жобасы ұсынылды.

Мысыр парламентінің депутаты Мұхаммед Әбу-Хамит ұсынған аталмыш заң жобасына сәйкес әл-Азһар университетінің бас имамы бұл талапты орындамаса, ол қызметінен шеттетілетін болады.

Сондай-ақ, осынау заң жобасында жоғарғы оқу орнындағы діни емес факултеттерді өз алдына бөлек жоғарғы оқу орнына айналдыру қарастырылған. Бұл жайында Daily News Egypt ақпарат көзі хабар таратты.

Бұған қоса, әл-Азһардың аға ғалымдардан комитетке 4 әйелді енгізу ұсынылды. Заң шығарушы комитет пен дін істері жөніндегі комитет мүшелері арасында бұл заң жобасына қарсы шыққандар қарасы көп болды. Депутат Мұстафа Бәкірдің айтуынша, бұл заң жобасында қарастырылған шектеулер мен тыйымдар ел конституциясымен қорғалған әл-Азһардың мәртебесіне қол сұғушылық болып табылады. 

islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары