Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Дін саласында құны бөлек маңызды еңбек жарыққа шықты
20 сәуір, 2017 жыл 291 Басып шығару нұсқасы

Елімізде дінтану ғылымы жаңа дамып келе жатқанымен, қоғам үдерісінде  бұл саланың маңызы күн өткен сайын арта түсуде. Себебі, материалдық құндылықпен текетірескен руханият саласы әлем бойынша жаңа бір сілкіністе. Бұл тенденция елімізде де көрініс табуда. Түрлі діндер мен діни конфессиялардың орталығына айналған қазақ елі үшін дін туралы жалпы түсінікпен қатар, олардың тарихын білу аса маңызды. Өйткені, дін атын жамылып, тамыры дүдәмал діни ағымдар қоғамдағы рухани вакумды барынша өз ұпайларына пайдаланып қалуға тырысып баққалы аз уақыт өткен жоқ. Осы орайда, жалпы діндер тарихы жайлы білгісі келген көзіқарақты ағайынға таптырмас көмекші құрал “Нұр-Мүбарак” университетінің оқытушылары: PhD докторы Қалмахан Ержан мен дінтанушы, магистр Мұратхан Махметтің “Салыстырмалы діндер тарихы” атты еңбегі жарыққа шықты.   

“Салыстырмалы діндер тариxы” тәуелсіз еліміздің тарихындағы осы тақырыптағы қазақ тіліндегі тұңғыш туынды. Сондықтан, оны еліміздің  дінтану ғылымы саласындағы орны бар еңбек деуге болады. Себебі, бұл тақырып батыс, шығыс әлемінде жазылып жүрген, араб әлемінде де бұл салада көптеген еңбектер жарыққа шыққан.

Отандық дінтану ғылымы үшін зор жетістік деп айтуға лайықты еңбек авторларының бірі Қалмахан Ержан мырзаның осы кезге дейін біршама кітаптары жарыққа шыққан болатын. Ал екінші автор магистр Мұратхан Махмет болашағынан зор үміт күттірген жас ғылым ізденушілерден. 
Орта білім саласынан бастап жоғары оқу орындарында әлем діндері мен діни ағымдардың тариxы, сенімдері мен құлшылықтары, қасиетті жерлері, кітаптары т.б. нақты мәліметтер іздеген мамандар, ұстаздар мен көпшілік қауым үшін таптырмайтын дүние. 

Қоғам үшін маңызды еңбек авторларына сәттілік, ал оқырмандарға талғамды таным тілейміз!

“Нұр-Мүбарак” университеті

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары