Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ғұламалар кеңесінің мүшелері Ақтөбе мешіттерінде уағыз айтты
17 сәуір, 2017 жыл 223 Басып шығару нұсқасы

Ғұламалар кеңесінің мүшелері «Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы аясында қала мешіттерінде уағыз айтты.

Кеше кешкісін «Нұрдәулет» мешітінде ҚМДБ-ның «Шариғат және пәтуа» бөлімінің меңгерушісі орынбасары Сансызбай қажы Құрбанұлы жамағатқа тұшымды уағыз айтып, мәзһаб ұстанудың маңыздылығына, Ханафи мәзһабының артықшылығы, өзге мәзһабтардан ерекшелігі жайында сөз өрбітті. Сонымен қатар, мұсылманның сипаты, бойында болуы тиіс қасиеттер, мінез көркемділігі, ағайын-туыспен қарым-қатынас жасау әдебі сынды бірқатар мәселелерге тоқталып кетті. 
Кешкілік уағызға шамамен 100-ге жуық адам қатысты. 
Ал, Ақтөбе қалалық орталық мешітінде Атырау облысының өкіл имамы Батыржан қажы Мансұров уағыз айтып, жамағатты ғибратқа толы насихатпен сусындатты. Онда шамамен 80 адам қамтылды.

Жұма күні ҚМДБ қызметкері Сансызбай қажы Шоханов облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жұма уағызын жүргізіп, «Исламдағы тазалық» тақырыбына тоқталды. Мұсылманның тәнімен қатар, жанның тазалығына да қатты мән беру керектігін ескертіп, Алла Тағала таза болғандарды сүйетіндігін, тазалық – иманның жартысы, мұсылманның айнасы екендігін тілге тиек етті. Ал, өкіл имам Б.Мансұров "Нұрдәулет" мешітінде жұма уағызын жүргізді.

Естеріңізге сала кетейік, аталмыш дін мамандары Ақтөбе қаласында өткен "Салт-дәстүр және діни рәсімдер" атты конференцияда жуырда қабылданған Жаназа пәтуасын кеңінен таныстыруға келген болатын.

Ақтөбе облыстық орталық 
«Нұр Ғасыр» мешітінің 
баспасөз қызметі

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары