Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ит пен мысық жегендерге 8 000 доллар көлемінде айыппұл салынатын болды
13 сәуір, 2017 жыл 128 Басып шығару нұсқасы

Тайванда еті мен терісі үшін мысық пен итті өлтіруге тыйым салынды. Осыған байланысты хайуандарды қорғау заңнамасы аясында дайындалған заң жобасы қабылданды. Сондай-ақ, заң жобасында ит пен мысықты көліктің артына байлап алып жүруге де айыппұл салынатын болды.

Мысық пен ит етін сатқандарға да, жегендерге де 250 мың тайвань доллары (шамамен 8 мың АҚШ доллары), ал көлігінің артына байлап алып жүргендерге 15 мың тайвань доллары (шамамен 500 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салынады. Бұл хайуандарға жәбір көрсеткендердің есімдері мен суреттері қоғанға жарияланатын болады.

Ит еті көп тұтынылған Тайванда бұған дейін 2001 жылы ит пен мысық секілді үй жануарларының ет пен терісі үшін экономикалық мақсатта сатылуына тыйым салынған болатын.

Бұл тыйымдарға негізінен былтыр билік басына келген әйел лидер Цай инг-Уен себепкер болып отыр. Үйінде үш ит пен екі мысық асырап отырған оның бұл хайуандарға ерекше махаббаты оянып, бұл мәселені өзекті етіп көтеріп отыр.

Бұл аймақта терісі мен еті үшін ит пен мысық өте көп өлтіріледі. Мәселен, Қытайда еті үшін жыл сайын 10-20 миллион ит өлтіріледі екен. Әсіресе, Қытайдың Гуанжи Гуанг автономиялық аймағына қарасты Юлин қаласында өтетін «Ит еті фестивалінде» иттердің қаны көлше ағады.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары