Эдинбургтік қаңғыбас ер адамды белгісіз біреулер ұрып, оның итін жаралап, тістерін қағып кеткен. Лесли Болдуин есімді азамат жағдай туралы желіге жариялапты.
Ақша жинап, үй-күйсіз жанға көмектесу туралы бастаманы да Болдуин көтереді. Ақша жинау 29 наурызда басталып, шамамен 2000 фунт беру жоспарланады. Ол ақша баспананы жалға алуға жұмсалады екен. Алайда ақша беріп көмектесем дейтін жанашыр жандардың саны әлдеқайда көп болып шығады.
“Дэррил еш ренжімейді және жүргіншілермен үнемі сөйлесіп отырады. Ол ішімдік ішіп, есірткі шекпейді. Үш жылдан бері онда баспана жоқ және ешбір жеңілдікке де ілікпеген”, – деп жазады Болдуин. Қазіргі таңда Лесли мен Дэррил пәтер іздеп жүр. Ал желі қолданушылары болса әлі ақша жинастырып жатқан көрінеді.
stan.kz
Пікірлер