Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Биыл қажылар қатары 40%-ға артады
03 сәуір, 2017 жыл 147 Басып шығару нұсқасы

Эр-Рияд. – Қайта өңдеу, жөндеу жұмыстарының аяқталуына байланысты Сауд Арабиясы биыл қажылар санын әдеттегіден 40%-ға көтеруді жоспарлайды. Өткен аптада министрлік кабинетінде Мәдениет және ақпарат министрі Адел әл-Турайфи (Adel Al Turaifi) осындай қаулы қабылдады. Реси деректерге сәйкес, өткен жылы Мекке қаласына қажылық маусымында 1 862 909 мұсылман келген. Биыл бұл көрсеткішті 40%-ға ұлғайтқан жағдайда 2,6 миллионға жетеді. Ал қажылар қатары 2013 жылы Қағба территориясында құрылыс жұмыстарының жүргізілуіне байланысты  20%-ға қысқартылған болатын. Енді әл-Харам аймағы кеңейтіліп, оның сағатына адам өткізу көрсеткіші 48 000 қажыға жетеді. Айта кетсек, жергілікті тұрғындар мен корольдікте тұратын шетел азаматтары үшін квота көлемі 50 пайызға жеңілдетілді, алайда бес жылда бір рет қана қажылық өтеуге рұқсат етіледі. Ал әр мұсылман мемлекеті үшін қажылар саны 1 миллион тұрғынға 1 000 қажы есебімен жүргізіледі. Индонезия бұл ретте бірнеше жыл қатарынан алғашқы орында келеді, деп жазады AlMujtama Magazine.

ummet.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары