Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Қасиетті жұма күні әр мұсылман атқаруы тиіс амалдар
31 наурыз, 2017 жыл 369 Басып шығару нұсқасы

Хадиша Ермекқызы

Жұма күнінің қасиетті екенінен барлық мұсылман хабардар. Алайда ол күні атқарылар сауапты істер туралы барлығы біле бермеуі мүмкін. Соларды бір еске түсіріп кетейік:

  • Жұма намазға қатысу. Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.): “Кім жұма күні жүніптіктен ғұсыл алғандай құйынып, сосын намазға алғашқы мезгілінде барса, ол құрбандыққа түйе сойғандай болады, екінші мерзімде барған құрбандыққа бір сиыр сойғандай болады, үшінші мерзімде барған құрбандыққа мүйізді қошқар сойғандай болады, бесінші мерзімде барған жұмыртқаны құрбандық қылғандай болады, ал имам шыққанда, періштелер зікір (сөздерін) тыңдауға келеді”, - деген.
  • Иіссу жағу. Әбу Сғид әл-Худри (р.а.): “Алла елшісінің (с.а.у.): “Жұма күні ғұсыл құйыну, тісін тазалау және таба алса иіссу жағу - әрбір балиғатқа жеткенге уәжіп”, - деп айтқанына куәлік беремін”, - дейді.
  • Ең жақсы киімдерін кию. Абдуллаһ ибн Омар (р.а.): “Бірде Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) мешіт қақпасының алдында жібек киім (сатылып жатқанын) көріп: “Уа, Алланың елшісі! Мынаны сатып алсаң қайтеді, жұма күні және алдыңа өкілдер келгенде киер едің”, - деді. Сонда Алла елшісі (с.а.у.): “Мұны ақыретте несібесі жоқ адам ғана киеді”, - деді. Кейін Алла елшісіне (с.а.у.) одан бірнеше киім әкелінді де, ол Омар ибн әл-Хаттабқа оның біреуін ұсынды. Сонда Омар: “Уа, Алланың елшісі! Сен Ғұтаридтердің киіміне қатысты ойыңды айтқаннан соң мұны маған сыйлап тұрсың ба?” – деді. Алла елшісі (с.а.у.): “Мен саған оны кисін деп сыйлаған жоқпын”, - деді. Содан кейін Омар ибн әл-Хаттаб Меккедегі мүшрік бауырына тарту етті”, - деген. Осы хадистен байқайтынымыздай, ер адамдарға жібек киім киюге болмағанымен, жұма күні ең жақсы киімдерін кигені абзал.
  • Таң намазында “Сәжде” мен “Инсан” сүрелерін оқу. Әбу Һурайра (р.а.): “Пайғамбар (с.а.у.) жұма күні таң намазында “Әлиф. Ләм. Мим. Түсірілген...” – “Сәжде” (сүресі) мен “Адамзатқа келмеді ме?” (сүресін) оқитын”, - деген.
  • Жұма намазына жаяу бару. Әбу Абас (р.а.) жұма намазына бара жатып: “Мен Пайғамбардың (с.а.у.): “Алла жолында аяғы шаң болған адамды Алла тозақ отынан тосады”, - деп айтқанын естідім”, - деген.
  • Көп дұға ету. Әбу Һурайрадан жеткен хадисте Алла елшісі (с.а.у.) жұма күнін айта отырып: “Онда бір уақыт бар, сол сәтте мұсылман пенде намаз оқып, Алла тағаладан бір нәрсе сұраса, (Алла) оған (сүраған нәрсесін) міндетті түрде береді”, - деп, ол (уақыттың) қысқа екеніне қолымен ишара жасаған.
  • Нәпіл намазын оқу. Ибн Омар (р.а.): “Алла елшісі (с.а.у.) бесін намазының (парызының) алдында екі рәкағат және одан кейін екі рәкағат, шам намазынан кейін үйінде екі рәкағат, сондай-ақ құптан намазынан кейін де екі рәкағат намаз оқитын. Ал жұма намазынан кейін (мешіттен) шығып кеткенше намаз оқымай, кейін (үйінде) екі рәкағат намаз оқитын”. 
islam.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары