Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
21 наурыз, 2017 жыл 301 Басып шығару нұсқасы

ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды мерекемен құттықтап, биыл Наурыздың ерекше тойланатынын, табиғат ғана емес, мемлекет саяси және экономикалық жаңаруды да бастан өткізіп жатқанын айтты.

Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

“Біз бұл жолы Наурызды ерекше көңіл-күймен тойлаймыз. Қазақстан жаңару жолына түсіп, үшінші модернизация бағдарламасын жариялап саяси және экономикалық жаңаруды бастан өткереді”, – деді Астанадағы мерекеге арналған іс-шарада.

“Біз Қазақстан Конституциясына маңызды өзгерістер енгіздік. Ол мемлекеттік басқаруды күшейтіп, оны барынша тұрақты етіп, біздің тәуелсіздігіміздің, бірлігіміздің кепіліне айналады. Бұл бізге болашаққа сеніммен қарап, заманауи даму мүмкіндігімізді арттырады”, – деп атап өтті президент.

Мемлекет басшысы Наурыздың тәуелсіздікпен бірге оралғанын да айтты. “Біз бабаларымыздың дәстүрлерін жалғастырып жатырмыз” деді ол.

“Ескі аңыз бойынша 21-інен 22-іне қараған түні Қыдыр-Ата әлемді аралап әрбір үйге бас сұғады, ал ол кірген отбасына бақыт пен шаттық орнайды. Сол себепті Қыдыр-Ата әрбір үйге бақыт әкеліп, қуаныш сыйлауын тілеймін”, – деді мемлекет басшысы.

“Құрметті қазақстандықтар, бұл мінбеден барша қазақстандықтарды әдемі Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Ол ұлтқа да, дінге де бөлінбейді, ол біздің ортақ мерекеміз. Мыңжылдықтардан бері келе жатқан бұл мереке жыл сайын маңызын арттырып, сенімнің, достықтың, ағайындылықтың, ел тұрақтылығының символына айналды”, – деді Назарбаев.

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары