Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

БАС МҮФТИ «ӨНЕР ҚЫРАНДАРЫ» ТЕАТРЫНЫҢ ҰЖЫМЫН МАРАПАТТАДЫ (ФОТО)
10 наурыз, 2017 жыл 357 Басып шығару нұсқасы

Алматыда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан қажы Малғажыұлы «Өнер қырандары» театрының ұжымын қабылдады. Бас мүфти «Өнер қырандары» театры қоғамда имандылық пен ұлтымыздың асыл құндылықтарын тағылымды қойылымдармен насихаттап, атқарған игі жұмыстары жайында әңгіме өрбітіп, алғыс хатпен марапаттады.

«Тәуелсіздігіміздің ширек ғасырға татитын белесінде, соның ішінде руханият, мәдениет саласында жеткен жетістіктерімізде «Өнер қырандары» театрының белсенді қызметі мен тарихи, ізгі іс-шараларының қолтаңбасы жатқаны белгілі. Ұлтымызды имандылыққа ұйытып, халқымызды игілікке бастап, асыл дініміздің абыройын асқақтатқан руханият жолындағы қажырлы қызметтеріңіз бен елеулі еңбектеріңіз үшін Сіздерге айрықша алғысымды білдіремін», – деді Ержан қажы Малғажыұлы. Айта кетейік, «Өнер қырандары» театры Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының іс-шараларына өз өнерлерімен үнемі қолдау көрсетіп келеді.

«Өнер қырандары» театрының директоры Мадияр Серікбаев Бас мүфтиге алғысын айтып, театр жұмысы жайлы және алдағы жоспарлары туралы сөз қозғады.

«Өнер қырандары» театры еліміздің әр өңірінде өткен Мәуліт мерекелеріне қатысып, қойылымдарымен халықтың қызу ықыласына бөленді. Біз руханиятқа, имандылық тәрбиесіне қызмет ету біз үшін мақтаныш. Осы сапарларымыздың барлығы Діни басқарманың қолдауымен жүзеге асып келеді», - деді М. Серікбаев.

ҚМДБ Баспасөз қызметі

Muftyat.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары