Әзірбайжанның Нахчыван автономиялық респбуликасындағы «Кәһф сахабалары діни-мәдени кешені» жылдың төрт мезгілінде де туристерді қарсы алады. Жулфа қаласында орналасқан әлемнің түрлі мәдениеттерінің ізі жатқан және әсіресе мұсылман елдерінен келіп зиярат ететін Кәһф сахабаларының үңгірлері туристердің қызығушылығын арттыруда.
«Кәһф сахабалары діни-мәдени кешенінің» директоры Қурбанов Қараж Севдималыоғлы бұл үңгірлердің Нахчывандағы наным-сенім туризмінің ең үлкен орталығына айналғандығын тілге тиек етуде. «Бұл жерлерге дүниенің түрлі елдерінен зияратшылар келеді. Бауырлас ел Түркиядан, Ираннан, Америка, Англия, Жапония, Франция, Малайзия және Араб елдерінен де туристер келгендігін айтқымыз келеді. Мәселен, Бакуде қандай да халықаралық жиындар өтсе, қонақтар бұл жерге соқпай кетпейді. Лидеріміз Гайдар Алиев бұл жерді мемлекеттің қарамағына алып, діни-мәдени кешен ретінде тіркеді», – дейді Қараж Севдималыоғлы.
Пікірлер