Израильде азанның белгілі бір сағаттарда колонкадан шақырылуына тыйым салу жайында заң жобасы өздерінің парламенттерінде (Кнессет) бірінші отырыста дауысқа салынып, қабылданды. Заң жобасының күшіне енуі үшін әлі екі отырыста дауысқа салынып, қабылдануы тиіс.
Азанның сағат түнгі 23.00 мен таңғы 7.00 арасында колонкалардан шақырылуына тыйым салатын заң жобасына 55 депутат «иә» дауыс берсе, 48 депутат қарсы шыққан. Кнессеттегі араб халық қалаулылары дауыс беру нәтижесіне тәкбір айтып қарсылық білдіріп, мәлімдеме жасады. Мінберге шығып сөз алған араб депутаты Ахмет Тыйби: «Азан – намазға шақыру. Израильдің премьері Нетаньяху мен оның радикал оңшыл жақтаушыларына қарамастан бұл топырақтарда бәрібір азанның даусы жаңғыра бермек», – деді.
Газада Уақыфтар және дін істері министрлігі бұл заң жобасына мәлімдеме жасап, Газадағы барлық мешіттерде наразылық ретінде құптан намазынан соң бірнеше мәрте азан айтуға шақырды. Мәлімдемеде «Бұл шара басқыншы Израильдің Құдыс қаласында және 1948 жылы басып алынған Палестина топырақтарында орналасқан мешіттерде азан шақыруды шектеген заң жобасының қабылданбауына қарсы протест ретінде жасалды» делінген.
Пікірлер