Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

ДІНИ ОҚУ ОРНЫН ДҰРЫС ТАҢДАУ ҮШІН
09 наурыз, 2017 жыл 179 Басып шығару нұсқасы

Құрметті биылғы мектеп бітіруші түлектер, жастар, діни оқуға түсуге ниет білдіруші талапкерлер! Соңғы кезде уатсап байланыс желісі арқылы 16 мен 25 жас аралығындағы жастарды шет мемлекеттердегі ақысыз негіздегі діни оқу орындарына оқуға ашық шақырған жазбалар кеңінен таралуда. Мұндай мазмұндағы хабарламалар келген жағдайда, онымен бөлісіп, өзгеге жіберуден сақ болыңыздар. Діни білім алуға, сондай-ақ, діни білімін одан әрі жетілдіруге ниет білдірген барша азаматтар мен азаматшаларды ҚМДБ қарасты оқу орындарына оқуға шақырамыз! 
Төменде оқу орындарының толық мекен-жайы мен байланыс телефондарына хабарласып толық мәлімет алуға болады.

«НҰР МҮБАРАК» Египет ислам мәдениеті университеті: 
Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы, 73. 
Тел.: 8 (727) 269-51-90.

«АСТАНА» медресесі: Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 36.
Тел.: 8 (7172) 44 58 44.

 "ШЫМКЕНТ" медресесі: 
Шымкент қаласы, Рекордная өткелі, 4. 
Тел.: 8(7252) 538674, 8(7252) 538672.

«ӘБУ БӘКІР СЫДДЫҚ» медресесі: Павлодар қ., Мүткенов көшесі, 52/2. 
Тел.: 8 (7182) 62-39-85, 62-00-11.

«ҺИБАТУЛЛА ТАРАЗИ» медресесі: Тараз қаласы, Төле би даңғылы, 89 «Б». 
Тел.: 8 (7262) 57-18-64

«ҮШҚОҢЫР» медресесі: 
Алматы обл., Үшқоңыр ауылы, Жібек жолы көшесі, 164. 
Тел:: 8 (72771) 54652.

"ӘБУ ХАНИФА" медресесі:
Алматы қаласы, 
Пушкин көшесі, 12. 
Тел.: 8 (7272) 278-21-34.

«АҚТӨБЕ» медресесі колледжі: 
Ақтөбе обл., Алға ауданы, Бестамақ селосы, Алға көшесі, 58. 
Тел.: 8 7133 768145.

«ОРАЛ» медресесі: Орал қаласы, Ж.Досмұхамедов көшесі, 22. Тел.: 8 (7112) 50-40-02.

 "САРЫАҒАШ" медресесі:
ОҚО, Сарыағаш ауданы, Ынтымақ елді-мекені, А.Навои көшесі, 1. 
Тел.: 8 (725 37) 5-52-92.

Қалаған оқу орнына құжат тапсырып, бағыңызды сынап, байқап көруге кеңес береміз. Алла баршамызды білуші білім иелерінен және оған амал етуші құлдарының қатарынан етсін! Әмин!

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары