Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

8 наурыз мерекесіне не сыйлауға болады?
07 наурыз, 2017 жыл 270 Басып шығару нұсқасы

1. Ыдыс-аяқ жинағы

Әрине, бұл сыйлықты сүйген қызыңызға беру ыңғайсыздау болар, алайда анаңыз бен жарыңыз үшін өте пайдалы болмақ. Ыдыс-аяқ таңдау кезінде оның назар аударарлық дизайнда болуын ескеріңіз. Ол ерекше таңданыс тудырады. Нәзік жандылар бір-бірінен бұл затты қайдан алғанын міндетті түрде сұрайды. Сол кезде сіздің сыйлық таңдаудағы тапқырлығыңыз таңданыс тудыратыны сөзсіз.

2. Орамал

“Орамал тон болмайды, жол болады” дейміз. Ендеше нәзік жандылардың қай-қайсысына болмасын орамал сыйлауға болады. Оны таңдау кезінде сыйлайтын адамыңыздың жас мөлшерін есіңізден шығармаңыз. Сондай-ақ, биылғы жылы сәнде болатын түстерден таңдаңыз. Бұл сіздің бірталай ізденгеніңізді, мерекеге салғырттық танытпағаныңызды айғақтай түспек.

3. Ұлттық нақыштағы киім

Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы киімдер мен әшекейлер сәнге айналып жатыр. Сол себепті анаңызға оюлы камзол, жарыңыз бен әпке-сіңілдеріңізге, қыздарыңызға да қазақы стильдегі көйлек, болмаса жилет алып беруге болады. Бұл сыйлық алда келе жатқан Ұлыстың ұлы күні – 22 наурыз мерекесінде де өз маңызын жоғалтпайды.

4. Фотомозайка

Қазіргі уақытта сәнге айналып жатқан сыйлықтың бірі – фотомозайка. Танымал сыйды алса, таңдаулыңыз таңданып әрі қуанып қалары сөзсіз. Олардың әртүрлі өлшемдері бар. Әлеуметік желілерден іздесеңіз, мозайка жасаушылардың бірнешеуін оңай тауып, тапсырыс беруге болады.

5. Қолдан жасалған сыйлық

Әрбір нәзік жанды өзіне арнайы жасалған сыйлықты ұнататынын айтқан болатынбыз. Егер сіз дайын затты сатып алмай, уақытыңызды бөліп, өз қолыңыздан сыйлық жасасаңыз, сүйіктіңізді қуанта аласыз. Мәселен, өз қолыңыздан фотокубик жасаңыз.

Соңында айтарымыз, сыйлық алуда басты нәрсе – көңіл. Яғни оның бағасы емес, қалай сыйлайтыныңыз маңыздырақ. Сондықтан, сыйлықты алып қана қоймай, оны ерекше тәсілмен сыйласаңыз, қуаныш еселене түспек.

Бұл тізімнен көңіл көншітерлік ештеңе таппасаңыз, алдыңғы шығарылымдарды шолып шығыңыз:

stan.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары