Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шығыс Қазақстан облысы Өскемен аймғы өкілдігінің ұйымдастыруымен «Адамгершілік құндылықтарды насихатауда БАҚ-тың рөлі» атты I республикалық журналистер форумы бүгін Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында облыстық Драма театр ғимаратында басталды.
Алқалы жиынға ҚМДБ-ның баспасөз бөлімінің басшысы Ағабек Қонарбайұлы мен ғаламтормен жұмыс бөлімінің басшысы Әбдіхалық Мұрат және ғалым Мұхан Исахан сонымен қатар Діни басқарманың облыстар бойынша баспасөз хатшылары, ШҚО дағы журналистер, ғалымдар, діни бірлестік жетекшілері қатысуда.
Жиында адамгершілік құндылықтарды БАҚ-та жиі насихаттау, кері ағымдардың жарнамалаудың алдын алу, сонымен бірге, діни журналистиканың өзекті мәселелері талқыланып, қарар қабылданады деп күтілуде.
ШҚО «Халифа Алтай» мешітінң баспасөз қызметі
BAQ.KZ
Пікірлер