Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Ақтөбедегі лаңкестердің өзекті өртейтін өкініші туралы видео пайда болды (видео)
25 ақпан, 2017 жыл 421 Басып шығару нұсқасы

Желіде Ақтөбеде лаңкестік әрекет жасаған Әлібек Ақпанбетов, Қуанышбаев Бақыт, Асхат Рахметов пен Әрсен Таңатаровтар түскен жаңа екі фильм жарияланды.

Асхат Рахметов Интернеттегі видеороликтерге көзсіз сенгенін айтады. Асзат олардың сөзінің рас-өтірігінің байыбына бармағанын жеткізді деп жазады  Timeskz.

"Бірінші кезекте әкеңді немесе анаңды тыңдауға кеңес беремін. Олар жамандық ойламайды. Сені адам болсын дейді. Олар сенің қамыңды жейді.

Ал біз өзіміз өлшеп, кесіп-пішіп тастаймыз. Ата-анаңың көзінің тірісінде, оларды қадірлеңіздер",  - дейді Асхат.

" 28 жасқа келгенше бақты, мен де соны қайтарсам ғой".

Ол анасына қолғанат бола алмайтынына өкініп отыр.

"Қазір ол 50-ден асты. Оған менің қарайтын жөнім бар еді. Енді ғана үй бастап едім, бітіре алмадық. Үй салуға көмектесуім керек еді.

Ол мені 28 жасқа дейін бағып-қақты, киіндірді. Білім берді. Қолынан келгенін істеді. Мен болсам, оған демеу болудың орнына... Қатты ұяламын, ыңғайсызданмын. Ата-ананың қадіріне жету керек", - дейді ол.

Әрсен Таңатаров та Интернеттен ілім іздеудің қаупі көп деп санайды.

"Біздің Қазақстанда бәрі жақсы. Қазіргі күннің қадірін білуіміз керек. Халыққа менің сөзім жетіп, олар мені түсінеді деп ойлаймын. Жастар сезіміне ерік бермесе екен деп тілеймін. Өзгелер біздің осы қызуқандылығымызды пайдаланып кетеді. Салдарынан туғаныңнан да, туысыңнан да айырыласың",- дейді ол.

Әрсен Таңатаровтың айтуынша, бұл оның жүрекжарды сөздері.

Nur.kz

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары