Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Бейсенбі жұма күндері Қарағандыда тегін нан таратылады
24 ақпан, 2017 жыл 355 Басып шығару нұсқасы

Қайырымдылық акциясы осымен бір жыл бойы апта сайын жүргізіліп келеді екен. Осылайша кәсіпкер түскен пайданың бір бөлігін қайырымдылыққа жұмсауды жөн көрген. Бұл күндері 40 қа жуық зейнеткер мен мүмкіндігі шектеулі азамат, ас атасын ақысыз алады.

Бейсенбі, жұма күндері акцияға қатысушылар таңертеңннен дүкенге ағылады. Сағат 8-ден бастап Ержанов көшесі тұрғындарының жиналатын орны осы дүкен. Зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі жандарға бір бөлке нан тегін беріледі. Сондықтан бұл күндері кәсіпкер нанға көбірек тапсырыс береді.

Лидия БЕЛЯКОВА Қарағанды қаласының тұрғыны 

Алғашқыда тегін нан беріледі дегенде қатты таңқалдым, тіптен сенген жоқпын. Міне 1 жылдан астам уақыт болды жұма сайын ақысыз нан ұсынады. Әрине бір бөлке нан сатып алғуа ақшамыз бар. Мәселе тек көңілде. Осындайда елге керек екенімізді, бізді сыйлайтындығын  сезінеміз.

Игілікті бастама жаршысы  кәсіпкер Нағима Асабаева. Бұрыңғы дәрігер зейнеткерлікке шығысымен шағын дүкен ашқан. Бизнесін бастағаннан осындай акцияны апта сайын өткізуде.  Кешкі  9-ға дейін  40- бөлке нан қайырымдылыққа жұмсалады екен. Сатушылар да арнайы тізім жоқ,  қариялардан құжат та талап етпейді.

Нағима АСАБАЕВА кәсіпкер

Батамен ел көгереді. Бейсенбі жұма қасиетті күн ғой. Сондықтан акцияны осы күндері өткіземіз Келген зейнеткерлерді құр жібермейміз. Кішкентай кезімнен осындай қайырымдылық жасаймын деп армандайтынмын. Осы арманыма жеттім деп ойлаймын

Нағима Асабаева келешекте кәсібін кеңейтіп, тегін түрде берілетін азық-түлік түрлерін көбейтпекші. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

http://kartv.kz/kz/news

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары