Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Аср» сүресін жатқа айтып, қалаған сыйлығыңды ал!»
20 ақпан, 2017 жыл 753 Басып шығару нұсқасы

Түркияның Кония қаласында ойыншық дүкенінің иесі Яхия Гөкташ дүкеніне келіп, Құран Кәрімнің «Аср» сүресін арабша оқып, түрікше мағынасын айтып беретін 11 жастан төмен балаларға ойыншық сыйлайтын керемет бір акция ұйымдастырды.

Оның балаларға қуаныш сыйлау әрі Құранға ынталандыру мақсатында ұйымтастырған осынау шарасы медиада әрі халықтың ерекше назарына ілікті.

Оның бұл акциясы 8 күнге жалғасқан екен. Әрі Құран жаттап келген балалардың саны күн өткен сайын артқанын айтып отыр. Оған бұл идеяның қайдан келгенін өз аузынан естиік: «Дүкеніме келген бір отбасы балаларына бір ойыншық алды да кейін сатып алудан бас тартты. Бұл жағдайға балаларының көңіл күйі қатты түсіп кеткенін байқадым да балаға: «Егер «Аср» сүресінің арабшасын әрі түрікше мағынасын жаттап айтып берсең, қалаған ойыншығыңды сыйға тартамын» дедім. Бала келесі күні айтқам сүремді жаттап келді. Жанындағы досы да «мен де жаттап келсем, маған да сыйлық бересіз бе?» деді. Мен «иә» дедім. Міне акциямыз осылай басталып кетті», ­- деді Яхия Гөкташ.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары