Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

300 жыл бойы бұл қалаға мұсылманнан өзге ешкім аттап баса алмаған (ФОТО)
13 ақпан, 2017 жыл 836 Басып шығару нұсқасы

      Харар (Харэр) — түрлі-түсті тас қабырғалар мен қызылды-жасылды базары бар, мұсылмандардың қаласы. Эфиопияның бас қалаларының бірі. Ғасырға жуық уақыт Харар шығыс Африка мен араб елін байланыстыратын сауда керуендері өтетін алтын көпір болған. Ал Харардың нағыз гүлденген кезі, ол ХVI ғасыр. Осы уақытта қала, аумағы өте кең сомалилық Адал тәуелсіз сұлтандығының астанасы атанды.   

Алайда Адалдың дәурені біраз дүрілдегенімен, ұзаққа бармады. Қазіргі таңда керісінше Харарды Эфиопия билеп отыр.

Харардың тағы бір аты – Джугол. 400 жылдық тарихы бар Джугол қаласының ескі аймағындағы 4 метрлік биік қабырғалар, Харардың өркениеті дамыған тұста жаудан қорғану үшін салынған.

Джугол – мешіттердің ордасы. Бір емес 82 мешіті бар қала 2006 жылы Дүниежүзілік ЮНЕСКО-ның құрамына енді. Тағы бір айта кететіні мұнда 300 жыл бойы мұсылман емес жандар аттап баса алмаған. Ескі қалаға кіру үшін мұсылман болуың шарт.

Суреттерден көріп тұрғанымыздай, мұнда үйлерді әр түрлі ашық түстерге бояу да өзіндік дәстүрлері болған.

Ескі шаһар үйлері үш түрде салынған. Кейбірі Қызыл теңіз жағасындағы дәстүрлі араб шаһарларының архитектурасын еске салады. Үй қабырғалары миск, ыдыс-аяқ және тоқыма себеттермен сәнделеді.

Ерекше қаланың туристерді қызықтыратын тағы бір нәрсе – қорқау қасқырлар. Түн болысымен гиендер қалаға қарай жоырытып, ал қала тұрғындары мен қонақтар оларды тамақтандырғанды өздеріне ермек еткен.

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары