Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

Адаспаймын, Аллама сеніп өтем!
09 ақпан, 2017 жыл 409 Басып шығару нұсқасы
Бүгін - ақын, аудармашы, драматург, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Ғасыр ақыны» атағының иегері Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаевтың туған күні.

 Ақынның қазақ поэзиясында өшпес із қалдырған өлеңдері әлі  де үнін жоғалтпасы анық.

Сатқан емен. 
Сатпаймын дінімді мен, 
Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем. 
Алла есімі - жүрегім жұдырықтай, 
Жүрегімнің соққанын біліп жүрем. 
Мұхаммедтің үмбеті - мұсылманмын, 
Пайғамбарым қолдайды қысылған күн. 
Алсын тағалам, ант етем, ант етемін, 
Алла есімін кеудемнен ұшырған күн! 
Алла — ақиқат. Аллаға сөніп өтем, 
Адалдық пен ақиқат серігі екен. 
Адаспаймын, Аллама сеніп өтем, 
Арамдыққа баспаймын - жолы бөтен!

8.11.1965 жыл

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары