Малайзия мемлекетінде тұратын Мухаммад Рамадан Алиас өзінің лейкемия ауруының соңғы сатысында екенін білгеннен кейін бірден кіші қажылыққа аттанған. 20 жастағы жігітке дәрігерлер бар-жоғы бір айға жуық уақыт өмірі қалғанын ескерткен.
Бұны естіген ол уақыт жоғалтпастан өзінің аяулы арманы - Мекке қаласын зяират етуге сапарға шыққан. Алайда кіші қажылық барысында Медина қаласындағы ауруханалардың біріне жатқызылған Мухаммад Рамадан бұл дүниемен қош айтысады. Марқұмның денесі Бақи зиратына қойылды.
muslim.kz
Пікірлер