Тілдік нұсқа
Радио

Жаңалықтар

«Әйелдер-қыздар» секторы «Құрандағы пайғамбарлар қиссасы» атты іс-шара өткізді (фото)
24 қаңтар, 2017 жыл 419 Басып шығару нұсқасы

    Қарағанды облыстық орталық мешітінде «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы Бакирова Арай Серғалиқызының ұйымдастыруымен «Құрандағы пайғамбарлар қиссасы» атты іс-шара болып өтті

Әйелдер жамағаты жиналған іс- шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің наиб имамы Мұсабеков Нұржігіт Оразалыұлы қатысып, әйелдер мен қыздар жамағатына  өзінің уағыз-насихатын айтып, Құран бағыштады.

Діни басқосуда сектор басшысы Арай Серғалиқызы жиналған жамағатқа  Қасиетті Құрани кәрімдегі ардақты пайғамбарлардың (оларға Алланың сәлемі болсын) тарихы мен  сипаттары туралы уағыз айтты.  Аталмыш іс-шараға Қарағанды облыстық орталық мешітінің кітапханашысы  Сәбиден Таңерке ат салысып, рухани кешке келген қонақтарға өзінің ізгі тілегін жеткізді.

     Асыл дінімізді сүю алдымен пайғамбарларды танып, олардың игі істерін өзіміздің бойымызға сіңіруден бастау алары сөзсіз.  Рухани кездесуге келген әйелдер мен қыздар жамағаты өздерінің Құран мен пайғамбарларға (оларға Алланың сәлемі болсын) деген ерекше құрметтерін көрсете білді. Іс-шараның ұйымдастырушысы «Әйелдер-қыздар» секторының басшысы әрі ұстазы Бакирова Арай Серғалиқызы кеш соңында жиналған нәзік жандарға рухани кешке белсенді қатысқандары үшін өз алғысын білдіріп, Құран бағыштады.                                                                                    

      Алдағы уақытта Қарағанды облыстық орталық мешітінің «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен тағы бірнеше діни іс-шараларды өткізу жоспарланып отыр.

 

Пікірлер

Поле не должно быть пустым!
Комментарий отправлен на модерацию.
    бас мүфти блогы бас мүфти блогы

    Күнтізбе

    Жоғары